Фото: inbusiness.kz
Президент елде ауқымды саяси реформа күтіп тұрғанын мәлімдеді. Тоқаев бүгінгі Жолдауында болашақта сенатты таратуды ұсынды. Аталған ұсынысқа қатысты белгілі заңгер Абзал Құспан пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Президент Қ.Тоқаевтың 2027 жылдан бастап бір палаталы Парламентке көшу бастамасын қолдаймын. Бұл – заң шығару процесін жеңілдетіп, бюрократияны азайтатын қадам.
Кейбір сарапшылар айтқандай, бұл демократияны шектеу емес. Керісінше, партиялық жүйені нығайтып, саяси бәсекелестікті арттырады», — деді депутат.
Оның сөзінше, бұл ашық, әділ сайлау жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді.
«Ең бастысы – әділ және ашық сайлау. Сонда Парламент халықтың шынайы даусын жеткізетін алаңға айналады», — деп қысқа қайырды депутат.