Лотеря ойнатқан Жанәбіловтер миллиондап пайда тапқан: Заң жұмыс істемейтін елдегі ертегі әлеміне сенген халықтың кезекті алдануы

Ерболат Жанәбілов ісі бойынша сот отырысында блогердің халықты қалай алдағаны белгілі болды. Судья Малика Ноғайбекова оның сыйлықтар ойынына қанша адам қатысқанын сұрады. 21 тамызда басталған ұтыс ойыны әлі күнге дейін жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

Нақты бағаны ашық айтудан қашқан блогерлер

Блогердің сөзінше, «шамамен 5–6 мың қазақстандық қатысқан, қазірге дейін сегіз көлік ойнатылған». Блогерлер 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсына сілтеме жариялаған. Сол курсқа жазылғандар арасынан 10 көлік ойнатылатыны айтылған. Ойынға 10 Hyundai Elantra көлігі қойылған, 2025 жылғы модельдер, бағасы 10–15 млн теңге. Барлығы шамамен 100–150 млн теңге.

24 iPhone смартфоны ойнатылған. Блогер ақшаны таңдағандарға 350 мың теңгеден төлеген. Смартфондар үшін шамамен 8,4 млн теңге кеткен.

                                           Жанәбіловтар ұтыстан мол пайдаға кенелген

Барлығы: 108,4–158,4 млн теңге.

Сыйлықтарды санамағанда табыс:

  • ең көбі – 41,6–71,6 млн теңге,
  • кем дегенде – 21,6 млн теңге

Ойын әлі жалғасып жатыр.

                                                                       Лотереяны шенділер де сатып алған

Ерболат әйелімен және адвокаттарымен арнайы ауданаралық әкімшілік сотқа келген. Кейін әйелін залдан шығарып жіберген, ол куәлік беруден бас тартты. Адвокат Олег Чернов прокурорды сотқа шақыруды сұраған, сот отырысы 15 қыркүйекке шегерілді.

Сотта курсты кей шенеуніктер, атап айтқанда Туризм және спорт министрлігінің Лотереяларды реттеу комитетінің өкілдері сатып алғаны белгілі болды. Олар курсты мұқият зерттеу үшін алған, сотта өз пікірін жеткізген.

   Халықты алдаудың шебері 

18–21 тамызда Жанәбіловтар көліктер ойнатылатынын жариялаған, бірақ пайдаланушыларға тікелей эфир емес, 30 мың теңге тұратын курстың сілтемесі жіберілген. Тек курс сатып алғандар қатыса алған, бұл сын мен шағымдарға себеп болды. Министрлік лотерея ұйымдастыруға тек ресми органдар мен агенттер құқылы екенін ескертті.

Ерболат Жанәбіловқа лотерея заңын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылған. Әйеліне тексеріс жүргізіліп жатыр. Министрлік азаматтарды «күдік туғызатын гивтерге» қатыспауға шақырады.

Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова – Қазақстандағы ең танымал блогерлердің бірі. Ерболаттың аккаунтына 8,4 млн оқырман, ал Эльмираға 7,1 млн адам жазылған.

Фото: видеодан скрин