Алматыда ер адамды көлік қағып өлтірді

Фото: envanto.com

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін, 4 қыркүйекте, сағат 01:15-те Наурызбай ауданында болған.

«Subaru маркалы автокөліктің жүргізушісі Ташкент трактісі бойымен шығыс бағытта келе жатып, 1986 жылы туған ер адамды қағып кеткен. Ол жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен», – деді полицияда.

Алған жарақаттардың салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.

Қайғылы жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындалды.