Өнер жұлдызы Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Әнші анасына деген алғысын ерекше сөздермен жеткізді:
«Мен көтеріп жүрген – анам емес, жүрегімнің қалауы. Ана жақсылығын арқама көтеріп қайтару мүмкін емес. Бірақ бұл – анамның ақ сүтін ақтауға деген талпынысым, Алланың разылығына ұмтылысым ғана.»
Ол сондай-ақ отбасындағы тәрбиенің әке өнегесімен де тығыз байланысты екенін атап өтті:
«Мен ғана емес, біздің үйде әкем де анама ерекше құрметпен қарайтын. Бірде анашым қатты ауырып, отаға мұқтаж болғанда, әкем қасына келіп: «Алла өміріңді ұзақ әрі берекелі етсін, әрдайым біздің басымыздан жоғары болып жүре бер» – деп дұға етті де, сел қозғағандай қатты жылады. Бұл сәт мен үшін адалдықтың ең үлкен сабағы болды.»