Қазақстанда қазақша жазуы бар дәптер табу. Өз елінде ресейлік жазу құралдарының тым көп екені қоғам тарапынан сынға ұшырады, деп хабарлайды Qazaq.today.
Kaspi арқылы мектепке құрал-жабдыққа тапсырыс берген әлеуметтік желі қолданушысы Еңлік Ақдәулет қазақ тілінде жазылған дәптердің жоқтығын жариялады.
«Мыңдаған дәптердің арасынан сыртында «Дәптер» деген жазуы барын әрең таптым. Оның өзі тек Abdi.kz дүкенінде ғана сатылады», – дейді ол.
Автордың айтуынша, дүкен сөрелерінде «тетрадь» қаптап тұрғанымен, қазақша дәптер болмаған. Сатушы қоймадан ғана бірер данасын тауып берген.
Айта кетейік, жазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр.
Фото: kanzveka21.kz
