Жас ана дәретханада босанған сәбиін унитазға тастап кеткен

Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеу қаласында жаңа туған баласын унитазға тастаған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Тергеу органдарының мәліметінше, оқиға 30 тамыз күні Теплый Стан көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған. Әйел босану процесін үй жағдайында өткеріп, сәбиін унитазға тастап кеткен. Алайда көршісі жағдайдан хабардар болып, дереу жедел жәрдем қызметін шақырған. Нәресте дер кезінде құтқарылды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі (жаңа туған сәбиді анасының өлтіруге оқталуы) бойынша іс қозғалды. Тергеушілер қазіргі уақытта ауруханада жатқан жас ананы сұраққа алмақ.

Фото: Ресей ТК