Жаңа адамдардан жаңа ырғақ: Алматыда барабандар фестивалі өтіп, өзгерістер науқаны басталды

Бүгінгі оқиға — біздің өзгерістер ырғағының тек басы ғана. Ол —  «өзіңнен баста» қағидатына дайын адамдардың арасында қалыптасады. 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қоғамға көмек күтуден бас тартып, шығармашылық пен еңбекқорлыққа бет бұруды ұсынды. Онсыз Жаңа әділ Қазақстанды елестету қиын. Бұл сұранысқа жауап ретінде жастар қозғалысы пайда болды. Ол өзінің басты міндеті ретінде бүкіл ұрпақ санасының өзгеруін білдірді және осы ауысымның әдістері ретінде елдегі ең сезімтал тақырыптар бойынша жаппай азаматтық көше науқандарын ұсынды. Бұл қозғалыс қазір Жаңа адамдар атымен белгілі. Жастар өзгерістерді өздерінен бастап, елді өзгертуге шешім қабылдады.

Бүгін, жаздың соңғы күні, 31 тамызда Алматының Көк-төбесінде «Жаңа адамдар қозғалысының»«Жаңа ритмге қосыл» дауылпаздар фестивалі өтті.

«Жаңа адамдар» қозғалысының анти-треш командасының лидері Захаренко Руслан бүгінгі өткізілген фестивальдің халыққа берер пайдасы жөнінде пікір білдірді.

«Бүгінгі іс-шара атауы айтқандай, Қазақстан бір ритмде болсын, адамдар бір толқында жүрсін деген мақсатта өткізіліп жатыр. Бүгінгі фестиваль бүкіл Қазақстан бір ритмде, бірдей болып жүру керек. Мсылаы бүгін өздеріңіз көргендей, бізде «Қазақстан» деген атаумен жаңа мерч шықты. Ол киімде киген кезде, әрбір адам өзінің еліне деген жауапкершілікті сезіну керек. Мәселен, мен Қазақстанды кидім, демек бұл менің үйім, менің жерім, менің ыстық мекенім, яғни оны сыйлау менің міндет-абыройым. Былайша айтқанда, әрбір ұсақ-түйек нәрсені өзімізден бастауымыз керек. Бүгінгі шараның өткізіліп жатқанына өте қуаныштымы, әрі қарай жалғасын таба береді деген сенімдемін», деді ол.

Айта кетейік, бүгінгі фестиваль керемет өткені соншалықты, Көктөбеге келген әрбір қонақ тамсанбай, дауылпаздың үнінен шабыт алмай қайтпады. Музыка — өздерін және таңдауларын білдіретін, «Мен – Қазақстанмын!» деп айтатын адамдардың дауысы.

Сонымен қатар шараны ұйымдастырушылардың қатарында Нұрымжан Қуаныш та бар. Ол әрі «Жаңа адамдар» қозғалысының белсендісі.

«Мен алғаш рет «Жаңа адамдар» қозғалысын достарымнан естіп, ұйымға келген болатынмын, және оған еш өкінген емеспін. Себебі мұнда атқарылып жатқан әрбір іс халықтың пайдасына жасалып жатыр. Біз көптеген тұралап қалған құрылыс жұмыстарының аяқталуына өз септігімізді тигіздік. Бірқатар экологиялық мәселелерді шештік, әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз еттік, педофилиямен күрес жүргіздік. Мұның барлығы кішкентай қадамдардан жасалған үлкен істер деп білемін. Ал Бүгінгі шара туралы айтар болсам, дауылпаздың үні барша қазақты бір толқында жүруге әсерін береді. Тағы да айта кетерлік жайт, біздің қоғамымызда орын алып жатқан әрбір жайт тек бір ғана адамның әсерінен емес, көптеген адамның үлесінен болып жатыр. Сол себепті өз Отанымызға жанашырлықпен қарайық, өзгерісті өзімізден бастайық деп айтқым келеді», деді ол.

 

Әрбір таңдау, әрбір сөз және әрбір әрекет елдің мәдениеті мен болашағын қалыптастырады. Мұны бүгінгі шараның дәлелі деп білеміз. Өйткені әрбір адам бір ритмде жүрсе, қоғамымыздың өзгеруіне әкелер еді. Бұл туралы «Жаңа адамдар» қозғалысының зам лидер кампусы Саясат Сағи айтты.

«Бүгін, 31 тамызда Алматыда біз «Жаңа ритмге қосыл» азаматтық науқанын бастадық. Бұл бастама үлкен ұрандар үшін емес, нақты әрекет үшін жасалды. Негізгі ойымыз қарапайым: өзгерістер біреуден емес, әрқайсымыздан басталады.

Шараның басты элементі — Qazaqstan футболкасының таныстырылымы. Бұл жай мерч емес, ол – біз қолдайтын жаңа дүниетанымның символы. «Мен» мен «Қазақстан» арасында шекара жоқ. Әрбіріміз елдің ажырамас бөлшегіміз, сондықтан да елде болып жатқанның бәрі бізге қатысты.

Науқанның мақсаты – қоғамда жауапкершілік пен жасампаздық мәдениетін қалыптастыру. Біз кішкентай қадамдардан үлкен өзгерістерге жол ашылатынын көрсеткіміз келеді», — деді ол.

Қорытындылай келе, Жаңа адамдардағы кампустар Қазақстанның 20 ірі қаласында орналасқан. Кампус-ойлауды өзгертуге арналған «шеберхана». Оларда белсенділер мен қолдаушылар өз істерімен айналысады, командалар жинайды, тренингтер мен білім беру бағдарламаларын өткізеді. Бүгінгі таңда Жаңа адамдарды елдегі ең ірі және ең танымал қозғалыс деп атауға болады. Олар алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп, Қазақстандағы адамдардың тұтас бір буынының ой-өрісін өзгерте алар ма екен? Оны бірге көретін боламыз.