Samruk-Energy топ-менеджері іссапар кезінде көз жұмды

Samruk-Energy басқарушы директоры Руслан Тұрғамбаев Экибастұзға іссапар барысында қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болған.

Қызметтік жолы

Руслан Тұрғамбаев компанияда өндірістік-техникалық мәселелерді және инновациялық-технологиялық даму бағыттарын қадағалады.

Ол энергетика саласында түрлі жауапты қызметтер атқарды:

  • 1998–2009 жылдары — «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған ЖЭО-да машинистен кәсіпорын директоры деңгейіне дейін көтерілді;

  • 2009–2011 жылдары — «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС, өндіріс бойынша директордың орынбасары;

  • 2011–2013 жылдары — Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, бірінші орынбасар;

  • 2013–2019 жылдары — «БазисЭлектроМонтаж» ЖШС, техникалық директор;

  • 2019–2021 жылдары — Түркістан облысы Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы;

  • 2022 жылы — Purolite LTD (Ұлыбритания) компаниясының аймақтық өкілі;

  • 2022 жылдың қарашасынан бастап — Samruk-Energy өндіріс пен активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.


Білімі

  • 1998 жылы — Алматы энергетика және байланыс институтын «Өнеркәсіптік жылу энергетика» мамандығы бойынша бітірді;

  • 2021 жылы — Орталық Азия инновациялық университетін «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.


Жоспарлары

Белгілі болғандай, Тұрғамбаев ертеңнен бастап еңбек демалысына шығып, отбасымен бірге Нидерландта уақыт өткізуді жоспарлаған.