Қыздар таласып жатқан Темірлан Анарбеков желіде жан сүйсінер жазба жариялады

фото: instagram.com/anarbekov_temirlan77

«Қайрат» клубының қақпашысы, қазақ футболының жаңа жұлдызына айналған Темірлан Анарбеков Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today.

«Бүкіл Қазақстанға және әр жанкүйерге қолдау көрсеткені үшін рахмет! Бұл жетістік — бәріміздің ортақ жеңісіміз. Бірге біз мықтымыз», — деп жазды ол.

Айта кетейік, 21 жастағы «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикпен» қарымта матчтың басты қаһарманы атанып, алматылық клубтың тарихи жетістікке жетуіне көмектесті.

Бірден аты дүркіреп шыққан жігітке мыңдаған қыздар достық ұсынды. Олардың әрекетін қызғанған қақпашының «сүйіктісі» қыздарға ескерту жасаған еді.