«Жағдайы өте ауыр»: Алматы әуежайында өзін өртемек болған ер адамның жағдайы белгілі болды

Фото: Видеодан алынған кадр 

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға кезінде жарақат алған ер адам жедел жәрдем бригадасымен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

– Науқастың жағдайы өте ауыр. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр, – делінген ведомство мәліметінде.