Фото: primeminister.kz
Алдағы үш жылда Қазақстанда Ұлттық қордың таза валюталық активтері өседі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
«Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2026 жылы 60,8 млрд доллардан 2028 жылы 68,6 млрд долларға дейін өседі деп болжануда», — деп Ұлттық экономика министрі.
Сонымен қатар балама нұсқадағы экономиканың 10 жылдағы орташа өсу – 5,1%, қалыптыда – 4,3% деңгейінде болжанады.
«Базалық нұсқада 10 жылдағы ішінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу 4,5%-ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2035 жылы 473,2 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. 2026-2028 жылдарға арналған базалық көрсеткіштер Әлеуметтік-экономикалық дамудың үш жылға арналған болжамына сәйкес келеді. 2035 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі 66,8 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Кепілдендірілген трансферт 2029 жылдан бастап 2,0 трлн теңгеге дейін төмендейді. Бюджет тапшылығы 2029 жылы ЖІӨ-ге қатысты біртіндеп 0,4%-ға дейін төмендеп, 2030 жылдан бастап нөлдік деңгейге жетеді деп болжанып отыр», — деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, бюджеттік параметрлердің макроболжамын ескергенде, 2026 жылы 37,4 трлн теңгені, 2027 жылы – 39,6 трлн теңгені, 2028 жылы – 41,6 трлн теңгені құрайды.
«Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2026 жылы 60,8 млрд доллардан 2035 жылы 109,9 млрд долларға дейін өседі деп болжануда», — деді Серік Жұманғарин.
Айта кетейік, Үкімет отырысында 2026-2028 жылдарға арналған ӘЭДБ, 2026-2035 жылдарға арналған ҰБ және «2026 -2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» заң жобасы ұсынылды.