Бестеректе алты баланы қаққан жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды

Фото: Pixabay

6 баланы қағып кеткен жүргізуші Аңсабаевтың он жыл бойы эпилепсия диагнозымен есепте тұрғаны анықталды. Сот оны көлік жүргізу құқығынан айырды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Үржар аудандық соты 55 жастағы ер адамды көлікті басқару құқығынан айырды. Айыпталушының күрделі диагнозы бола тұра, жүргізуші куәлігін қалай алғаны белгісіз.

«Үржар аудандық соты Аңсабаевқа қатысты істі заң шеңберінде қарап, оның көлік құралын басқару құқығын тоқтатты. Ол кісінің диагнозы бар. G40.3 –эпилепсия синдромы. Бүгінгі күні ол кісі D есебінде тұрады», – дейді Үржар аудандық сотының төрағасы Шынар Оспанова.