Отандық әнші «Новая волна — 2025» байқауында жеңіске жетті

Фото: instagram.com/lim_0n

Отандық өнерпаз Alex Lim халықаралық деңгейдегі беделді «Новая волна — 2025» музыкалық байқауында топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы жаңалықты әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әділқазылар төрағасы Игорь Крутой байқау нәтижелерін қорытындылап, қазақстандық әншінің жеңіске жеткенін хабарлайды.

Alex Lim байқау барысында бірнеше стильде ән орындап, көрермендер мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. Нәтижесінде ол жоғары ұпай жинап, байқаудың жеңімпазы атанды. Александр Лим 33 жаста, Алматы қаласында тұрады.