«Осы кісілер аман болсын»: Әнші Бүркіттің ата-анасына деген құрметі көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Эстрада жұлдызы Бүркіт соңғы кезде тек әнімен емес, адамгершілік әрекетімен де елдің ықыласына бөленіп жүр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде әке-шешесін қыдыртып, дүкен аралатып, қалаған заттарын алып беріп жүрген видеосы тарады.

«Осы кісілер аман болсын!», деп жазды өнер иесі.

Көпшілік әншінің ата-анасымен қарым-қатынасына сүйсініп, жылы тілектерін жаудырды.

«Жақсыдан шарапат» деген осы шығар — Бүркіттің бұл әрекеті елдің жүрегін жылытты. Бірі: «Әке-шешеңді қуантсаң, Алла сені қуантады», – десе, енді бірі: «Сөмке мен шалбар таңдаған анасы, баласынан бақытты», – деп пікір жазып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)