Президент Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етті

Фото: Ақорда 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына Құран бағыштады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетелік Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталған еді.