Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті
Абай облысында кәмелетке толмаған балалардың қаза болуына әкелген жол апатына байланысты қара жамылған отбасыларға жерлеу рәсімін ұйымдастыруда барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бейбіт күнде бекерден бекер өлім құшқан балалардың ата-аналарына психологиялық және материалдық қолдау ұсынылады, деп хабарлайды Qazaq.today.
Көлік қаққан алты баланың үшеуі көз жұмып, тағы үшеуі дәрігерлердің бақылауында жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен көмек көрсету үшін Астанадан ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-көлік авиациясының ұшағымен Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері жеткізілді.
— Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, марқұмдардың отбасыларына жерлеу рәсіміне қатысты барлық қолдау шаралары ұсынылады. Оқиға орнында облыс әкімі орынбасарының үйлестіруімен арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр, жағдай ерекше бақылауда, – делінген хабарламада.