Фото: T.me/PRO КАДРЫ KZ
Ақмола облысындағы жеке ұшақ апатына байланысты комиссия құрылды. Кеше кешке UP-LA229 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырап, ішінде болған екі адам пилот пен жолаушы қаза тапты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Көлік министрлігінің мәліметінше, авиациялық оқиғаларды тергеу ережесіне сәйкес арнайы комиссия құрылды.
– Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – дейді ведомстводан.
Оқиға орнына министрліктің апаттарды тергеу департаментінің мамандары аттанды.
Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр.