Фото:t.me/Burkit001
Ақмола облысы аумағында ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
— UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана стансасындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты, — делінген хабарламада.
Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.
— Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — дейді ведомстводан.
