Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-тың барлық тұрғындар үшін 2026 жылдың басында қолжетімді болатынын айтты. 2025 жылдың қыркүйегінде тестілік іске қосу жоспарланып отыр. Әкімнің айтуынша, техникалық сынақтар 3–6 айға созылады, содан кейін нақты іске қосу күні анықталады.
Әзірге тариф мөлшері туралы ақпарат жоқ, бёрак Қасымбек 2024 жылдың соңына қарай бекітілетін тариф 200 теңге мөлшерінде болуы мүмкін екенін айтты.
LRT барлық тұрғындарға тек 2026 жылы қолжетімді болады
