Фото: gov.kz
ҰҚК шекара қызметінің экс-төрағасы Дархан Ділманов бостандыққа шықты.
2023 жылы «билікті асыра пайдаланды» деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айырылған ҰҚК шекара қызметінің экс-төрағасы Дархан Ділманов бостандыққа шыққан.
Бұған дейін Дархан Ділмановтың дүние-мүлкі тәркіленіп, генерал-лейтенант әскери атағынан айырылатыны хабарланған. Оған мемлекеттік қызметте істеуге де тыйым салынды.
Ол 2022 жылғы маусымда қамауға алынған болатын. Қылмыстық іс қозғалуына қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттеріндегі заңсыз схема түрткі болған еді.
«Сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылды», — деп жазылған ІІМ ҚАЖК хабарламасында.
