Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда жұмыс сапарымен жүр, деп хабарлайды Skinews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ол Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына барды.
Мемлекет басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды. Делегация басшылары бірге естелік суретке түсті.