Алматыда екі жасөспірім қыз балалар үйінен қашып кетті

Фото: LIDER

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №1 балалар үйінен екі кәмелетке толмаған қыз қашып кеткен. Олар 18 шілдеден бері байланысқа шықпаған.

LIDER.KZ еріктілерінің мәліметінше, із-түссіз жоғалғандар:
Кристина Белгородская, 2009 жылы туған
Маргарита Черепанова, 2010 жылы туған

Қыздар таңертең ерте балалар үйінен кетіп қалған. Мекеме Сыргабеков көшесі, 22 мекенжайында орналасқан.

Кристина Белгородскаяның белгілері:
– бойы: 155–157 см
– дене бітімі: орташа
– шашы: ұзын, ашық қоңыр
– көзі: қоңыр
– киімі: қара футболка, қара шалбар

Маргарита Черепанованың белгілері:
– бойы: 165 см
– дене бітімі: орташа
– шашы: ұзын, қара
– көзі: қоңыр
– киімі: қара футболка, көгілдір джинсы

Іздеумен айналысатын еріктілер мен полиция қыздардың қайда екені туралы қандай да бір ақпараты бар тұрғындардан шұғыл түрде құқық қорғау органдарына немесе волонтёрлерге хабарласуды сұрайды.