Фото: canva.com
Павлодар облысының полиция департаменті жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«30 шілдеде Достық ауылы маңында Павлодар – Астана автожолында Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі, алдын-ала мәлімет бойынша, көлікті басқара алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты», – деді ведомство.
Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін ескертеді.
