Фото: Tengrinews.kz
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев «Bek Air» әуекомпаниясы ұшағының апатына қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Өкінішке қарай, авиация саласында мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Түпкілікті шешімді табу қиындап кетеді. Авиациялық апаттарды зерттеу ұзақ уақытқа созылады. Қазір барлық құжат дайындалып жатыр», – деді министр.
Тілшілер «Демек тергеу бола ма?» деп нақтылады.
«Иә», – деп қысқа қайырды Нұрлан Сауранбаев.
