Фото: Видеодан скрин
Алматының Шығыс айналма жолындағы жасыл желекке тыңайтқыш-бояу шашылған. Әлеуметтік желіде кең тарап, көптің көкейінде сұрақ туындатқан бейнеге қатысты Медеу ауданының әкімі түсінік берді, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Аумақтың әсемдігін сақтау үшін құрғақ шөпке себілген тыңайтқыштың құрамында улы зат жоқ» деген ол органикалық пигменттің адам мен жануарларға еш зиян келтірмейтінін айтып отыр. Сондай-ақ аталған шараның уақытша екенін жеткізді. Себебі аймақтағы көгалды суару, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді отырғызу, күтіп-баптау ісіне аса мән беріледі.
Атап өтейік, шөпке рең беру ісі АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Испания, Оңтүстік Корея елдерінің тәжірибесінде бұрыннан бар.
«Соңғы айда құрғақшылық болғанын білесіздер. Жаңбыр аз жауды. Коммуналдық қызметтің көмегімен аумақты суардық. Дегенмен кейбір аймақтағы шөп сарғайып кетті. Сол үшін бұл мәселені екі-үш апта бұрын көтеріп, арнайы қоспасы бар затты алдырдық. Бұл тәжірибе көп елде қарастырылған. Әсіресе құрғақшылық байқалатын аймақтарда. Алаңдаудың еш қажеті жоқ», – деді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.
https://www.youtube.com/watch?v=mfNAzTm6__8