Қор биржасында доллар тағы да қымбаттады

Фото: Pixabay

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,09 теңгеге қымбаттап, 546,36 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 542,03 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 543,40 теңгеден сатып алынады, 546,33 теңгеден сатылады. Еуро 626,31 –632,65 теңге, ал рубль 6,52 – 6,66 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 541,09 теңгеден сатып алынады, 548,09 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 622,44 теңге, сату — 634,44 теңге;
— рубль: сатып алу 6,54 теңге, сату — 6,70 теңге.