Фото: Pixabay
Жамбыл облысында діни радикализммен айыпталған 4 адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Qazaq.today.
Биыл Бірлесу Еңбек ауылында Жамбыл ауданы прокуратурасының нұсқауы негізінде полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері діни алауыздықты нәсихаттайтын әдебиеттерді таратумен айналысып келген 4 адамнан құралған адамдар тобын құрықтаған.
Аталған тұлғалар ел аумағында тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған.
«Күдікке ілінген тұлғалардың үй жайларына тінту барысында Қазақстан Республикасының аумағында діни алауыздықты қоздырушы ретінде таратуға тиым салынған материалдар тәркіленген», — делінген хабарламада.
