Фото: Pixabay
Тараз қаласындағы орта мектептердің 147 мұғаліміне қатысты еңбек заңнамасының бұзылуы анықталды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасы хабарлады.
Прокурорлардың мәліметінше, педагогтарға мерекелік, демалыс және түнгі уақыттарда атқарған еңбектері үшін үстемақы төленбеген. Сондай-ақ ұжымдық шарттар сақталмаған.
Аталған заңбұзушылықтар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Конституцияға қайшы келеді.
Прокуратура қабылдаған қадағалау актісінің нәтижесінде, мұғалімдерге тиісті ақылар толықтай төленіп, олардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
Заңнамаға сәйкес, әрбір азаматтың тынығуға, лайықты еңбек жағдайына және әділ еңбекақыға құқығы бар.
Прокуратура өкілдері бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.
