«Шынымен аяймын»: Жәбірленуші Перизат Қайраттың анасына қатаң жаза бермеуді сұрады

Фото: @pk01

Жәбірленуші Садық Олжас өз сөзінде Палестина халқына 83 миллион теңге жинағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Біз Газа тұрғындарына 83 миллион теңге жинадық. Мен бұл қаражатты жеке өзім Перизат Қайратқа тапсырдым, әрі оның Абу-Дабиге барған сапарына бірге еріп, ашық есепті талап еттім. Бірақ ешқандай ашықтық та, есеп те болған жоқ. Бұл іс тек ақша туралы ғана емес, заң тұрғысынан баға берілуі керек деп есептеймін. Біздің талап-арызымызды және прокурорлардың ұсыныстарын қолдауларыңызды сұраймын. Бірақ Гайни Алашбаеваны қоспаңыздар — мен оны шын аяймын, қазір денсаулығы нашар, мүмкін болса, оны үйқамақта қалдыруға болар еді», — деді жәбірленуші.