Іс қозғалды: Амантай қажы баспалдақтан әйелді итеріп жіберген

Әлеуметтік желіде белгілі қоғам белсендісі, 83 жастағы Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені түсірілген видео тарады. Салдарынан жәбірленушінің жамбасы сынған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Алматы полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында», – делінген хабарламада.

Амантай қажы атымен танымал Амантай Хантемірұлы Асылбек антиядролық қозғалыс белсендісі. «Аттан, Қазақстан!» қозғалысының жетекшісі. Ол Қазақстандағы президенттік сайлауға өз кандидатурасын бірнеше рет ұсынған.