Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Фото: Pixabay

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 525,87 теңгеге жетіп, 1,5 теңгеге көтерілді. Ұлттық банк 15 шілдеге ресми доллар бағамын 524,24 теңге деңгейінде бекітті.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағасы – 525,59 теңге, ал сату бағасы – 527,56 теңге. Еуро 612,04–616,33 теңге аралығында саудаланса, рубль – 6,60–6,71 теңге көлемінде сатылады және сатып алынады.

Астанада АҚШ валютасы 522,62 теңгеге сатып алынады және 528,62 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу бағасы – 608 теңге, сату – 615,58 теңге. Рубль бағамы 6,59 — 6,75 теңге аралығында тұрақтаған.

14 шілде күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 524,24 теңге болып, 2,93 теңгеге өскен еді.