ҰҚК құрамындағы Антикорға жаңа басшы келді

Фото: stan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 30 маусымда Президент жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылған болатын.