Геннадий Головкин әлем кубогіне қатысып жатқан қыз-жігіттерді қолдауға келді (ВИДЕО)

Елорда төрінде Бокстан әлем кубогі өтіп жатыр. Айтулы додада Қазақстан құрамасының қыз-жігіттері де керемет ойын көрсетуде.

Бүгін Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин қазақтің ұл-қыздарын қолдауға аренаға барды.

Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«GGG қазақ қыз-жігіттерін қолдауға келді», — деп жазды ол.