«Әпкелі-сіңлілердей»: Желіде 88 жастағы қос құдағи көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Анасы мен енесін бір шаңырақта тату-тәтті ұстаған Гүлмира есімді келін TikTok желісінде миллиондаған қаралым жинап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Ол 33 жыл бойы ата-енесімен бірге тұрып, жолдасы қайтыс болған соң туған анасын да үйіне көшіріп алған. Бүгінде бір үйде тұратын енесі мен анасы бір-бірімен апалы-сіңлідей болып кеткен.

Желі қолданушылары олардың шынайы көңілі мен жылы видеоларына тәнті болып, көпке үлгі деп бағалауда.

@gul_mira7188-87 жасқа келіп, осылай жақсы қартайуды нәсіп етсін Аллам. Аумин деп жаза кетіңіздер, журек басып, тіркелуді ұмытпаңыздар жақсыларым❤️

♬ оригинальный звук — Гульмира