Қазақстанда ұлтты белгілеудің жаңа тәртібі ұсынылды

Қазақстанда балаға ұлтты белгілеу тәртібін өзгерту ұсынылуда.

Фото: Бюро национальной статистики

Бұл бастаманы Қазақстан Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Әзімова көтерді. Оның айтуынша, баланың ұлтын тек әкесі арқылы емес, басқа жолмен де анықтауға мүмкіндік берілуі керек. Бұл ұсынысқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова пікір білдірді.

«Бұл — екі жақтың да келісімімен қабылданатын шешім болады. Бұған дейін, мысалы, ұлт әке арқылы анықталып, бұл мәселе БАҚ-та да көтерілген. Қандас мәртебесін рәсімдеу кезінде бір қыз көмек сұрады — анасы қазақ, бірақ өз ұлтын “қазақ” ретінде растауы керек болды. Сондықтан бұл мәселені Конституциялық сотпен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп шешеміз. Себебі бұл — Ішкі істер министрлігінің құзырындағы мәселе», — деді Жақыпова.

Жалпы алғанда, ол жаңа туған сәбиге ұлты мен тегі көбіне әкесі асығыс түрде жазғысы келетінін, алайда бұл әрдайым бола бермейтінін айтты.

«Тәжірибеде ата-аналар бірге тұрып жатса да, әкенің баласына тегін беруге асықпайтын жағдайлар кездесіп жатады», — деді министр.

Светлана Жақыпова айтып отырған жағдайды бұған дейін Orda.kz жариялаған болатын. Онда бір қыз Қазақстан азаматтығын ала алмай қалған. Себебі полицияның сервис орталығы оның аты-жөні мен келбеті «қазаққа ұқсамайды» деп, ұлттық сәйкестігіне күмән келтірген. Толығырақ сол материалда баяндалады.