«Басқаларға ұқсамайды»: Әуежайда иіліп сәлем берген Жүнісова елді сүйсінтті (ВИДЕО)

Әуежайда халқына иіліп сәлем салған халық әртісі Мақпал Жүнісова көпшілікті сүйсінтті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қай жерде жүрсе де, Мақпал Жүнісова халқының алдында бас иіп, сәлем беруді ұмытпайтын ерекше қарапайымдылығымен ел жүрегінен орын алып келеді. Әншінің тыңдармандары өнер иесіне алғысын жаудырып, тілек айтты.

«Басқалар сияқты емес, үнемі халықты көкке көтереді. Сүйікті әншіміз. Жасай беріңіз, Мақпал апа», деп жазды көпшілік.