«Тараз» футбол клубы 610 млн теңгені желге ұшырған

«Тараз» футбол клубында 610 миллион теңге, «Тараз-Арена» мекемесінде 15 миллион теңге мақсатты жұмсалмаған, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында белгілі болды. Тексеру комиссиясының мүшесі Асылхан Шаймерденовтің айтуынша, Жамбыл облысындағы спорт саласындағы қырықтан астам мекеме-кәсіпорынға аудит тексерісі жүргізілген. Оның ішінде 36 мекеменің жұмысы қанағаттанарлық деп танылып, 5 мекемеде қаржының жұмсалуында олқылықтар анықталған. Оның ішінде «Тараз» футбол клубында 610 миллион теңге, «Тараз-Арена» мекемесі бойынша 15 миллион теңге мақсатты жұмсалмағаны анықталған.

Бұл мәселеге байланысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбаев мекеме басшыларының жауапкершілігі басқарма алқасында қаралғанын айтты.

Qazaq.today