Президент алдағы күндері Минскке барады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

26-27 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумға және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Минск қаласына барады.