«Атамекен» ҰКП бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq.today.
«2023 жылғы 12 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мырзахметов А.И.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», — делінген соттың баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.
Бұған дейін Абылай Мырзахметовтың 30 миллион доллар пара алып, күдікке ілінгені хабарланған еді.
Qazaq.today