Батыс Қазақстанда 22 жастағы полицей үйінің ауласында өлі табылды

Фото: Pixabay

Батыс Қазақстан облысында 22 жастағы полицей үйінің ауласында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы mgorod.kz-қа сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 21 маусым күні Орал қаласына жақын орналасқан Достық ауылында (бұрынғы атауы – РТС) болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүрген 22 жастағы азамат өз үйінің ауласында асылып, өмірімен қоштасқан.

Оқиға туралы ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның нақты мән-жайын анықтауда.

Оның осындай ауыр қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз.