Фото: Juzmedia.kz
2025 жылдың 23 маусымында Қазақстанның танымал жазушысы, әдебиеттанушысы және публицисі Мұхтар Мағауиннің ұлы – Мағжан Мағауин өмірден өтті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Мағжан Мағауин өмір бойы Алматы қаласында тұрған. Жазушының алты баласы болған – төртеуі ұл, екеуі қыз– дейді Juzmedia.kz-ке хабарлаған туыстары.
Биыл қаңтар айында Мағжан әкесімен Түркияда болған соңғы кездесуі туралы естеліктерімен бөліскен еді.
Еске сала кетейік, Мұхтар Мағауин 10 қаңтарда дүниеден өткен болатын. Ол түркі әлемін, мәдени кодты және қазақ халқының тағдырын зерттеуге өмірін арнаған қазақ прозасының ірі өкілдерінің бірі ретінде танылған.