Танымал әнші Қарақат Әбілдина денсаулығына байланысты ерекше ем түрін алғанын көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі Қатонқарағай жерінде қонақ болып, шипа болатын ем түрімен танысқан.
“Қыдекең екеуміз Өскеменге мектеп ашуға келген сапарымызда Қатонқарағайға соға кетуді жөн көрдік. Бұл мекен ем іздегенге шипа, шаршағанға сая екен. “Көкшетау – адамның қасы болса, Қатон – шашы” деп жергілікті халық әзілмен астарлап, әдемі теңеу айтады. Шынымен де сұлулықтың шыңы, табиғаттың айнасы десе болады. Телефонды сөндіріп, табиғатпен үнсіз тілдесудің өзі нағыз медитация емес пе?!
Саф ауа, самал жел, жайқалған орман, таудың тынысы бәрі жанды тыныштандырып, бойға қуат береді. Маралдың мүйізінен дайындалған сорпаға түсіп, буын-буынға шипа алдық. Жай ғана демалыс емес, рух пен тәннің қайта түлеуі болды, – деп жазды ол.