Өте сирек кездесетін балық ұстаған адам бір күнде миллионер атанды

Үндістанның Одиша штатында балықшы сирек кездесетін горбыль (өркеш балық деп те аталады) балықтарын ұстап, әп-сәтте миллионер атанып, елге танылды, деп хабарлайды Qazaq.today.

KalingaTV ақпаратынша, балықшы Дигха өзенінен сирек әрі құнды балықтарды тапқан. «Nani Gopal» траулерімен ау құрып жүрген балықшы күтпеген жерден дақты горбыльдар үйіріне тап болған. Ауға бірден 29 ірі балық түскен. Әрқайсысының салмағы 20 келіден асып кеткен.

Сирек әрі бағалы балықты бір компания 3,3 миллион рупийге (17 миллион теңге) сатып алған.  Осылайша, үндістандық балықшы бір күнде миллионер атанды.