Иран министрі: Израиль шабуылын доғармай, Иран ешбір елмен келіссөз жасамайды

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Женевадағы БҰҰ-ның штаб пәтерінде Германия Ұлыбритания және Франциядағы әріптестерімен кездесті. Кездесуде Аббас Арагчи Израиль шабуылын доғармай, Иран ешбір елмен келіссөзге келмейтінін айтты. Бұл туралы Mehrnews агенттігі жазып отыр.

Министрдің айтуынша, Иранның ядролық бағдарламасы ешкімге зияны жоқ.

Біз Еуропаның үш елімен де келіссіз жүргізуге дайынбыз, — деді ол кездесуде.

Алайда Аббас Арагчи дипломатия жалғасуы үшін Ихраиль соғысты тоқтатуы керек екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 13 маусымға қараған түні Израильдің әскери-әуе күштері Иранға соққы жасаған еді. Израиль Иран жасырын түрде ядролық бомба жасап жатыр деп есептейді.

Иран соққыға жауап ретінде Израильге 100-ден аса баллистикалық зымыран жіберген еді.

Иранда жүрген Қазақстан азаматтары эвакуацияланып жатыр.