Грек-рим күресінен Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Грек-рим күресінен Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды, — деп хабарлайды Qazaq Todaу ақпарат порталы. 

«Қонысбек Төкенов грек-рим күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Осы қызметті атқарған Юрий Мельниченко енді командада бас бапкердің кеңесшісі ретінде жұмыс істейді», — деп жазылған хабарламада.

Юрий Мельниченконың жетекшілігімен Қазақстан грек-рим күресінен Париж Олимпиадасы (Демеу Жадыраев) мен былтырғы әлем чемпионатында 1 күміс медаль (Ержет Жарлықасын) жеңіп алды. Ал Қонысбек Төкенов бұған дейін 20 жасқа дейінгі Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы болған.

Қонысбек Төкенов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы ресми халықаралық жарыс 17-20 шілде аралығында Будапеште өтетін рейтингтік турнир болады.