АҚШ елшілігі өз азаматтарын Израильден эвакуациялай алмай отыр

Фото: en.wikipedia.org

АҚШ-тың Израильдегі елшілігі әзірге америкалық азаматтарды эвакуациялауға мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді,  деп хабарлайды Qazaq Todaу ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Мәлімдемеге сәйкес, АҚШ-тың Иерусалимдегі елшілігі сейсенбі, 17 маусымда жабылады.

— Қазіргі қауіпсіздік жағдайы және Израиль мен Иран арасындағы жалғасып жатқан қақтығысқа байланысты АҚШ елшілігі АҚШ-тың барлық мемлекеттік қызметкерлері мен олардың отбасыларына келесі ескертуге дейін үйлерінде немесе жақын маңында болуды бұйырды, — делінген елшіліктің Х әлеуметтік желіде таратқан хабарламасында.

АҚШ елшілігі сондай-ақ қазіргі уақытта америкалық азаматтарды эвакуациялауға немесе Израильден кетуге тікелей көмектесуге мүмкіндігі жоқ екенін хабарлайды.