Блогер Әлібековтің Lamborghini көлігімен байланысты қайғылы оқиға: жүргізуші сотталды

Қауіпті трюкті орындау кезінде көз жұмған 22 жастағы жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты. Жас жігіт блогер Бейбіт Әлібековке тиесілі Lamborghini көлігінің астында қалып қойған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Іле аудандық сотында Қылмыстық Кодекстің 104-бабының 1-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 2024 жылғы 29 қазанда «Сокол» СТК аумағында бейнеролик түсіру кезінде 22 жастағы жігіт қаза тапты. Ол жүріп келе жатқан көліктің үстінен секіруге әрекет жасаған. Кәсіби дайындықтың және әрекеттердің келісілмеуі салдарынан бұл трюк қайғылы оқиғамен аяқталды. Көлік жігітті қағып кетіп, оған өлімге әкелетін жарақаттар келтірген.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады, алайда жәбірленушілердің әрқайсысына 100 млн теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талаппен келіспейтінін айтты.

Жәбірленушілер бұл қылмысты қасақана жасалған деп санап, судьядан істі қайта саралауды сұрады.

Сот жүргізушіні Қылмыстық Кодекстің 104-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде айыпталушының кәмелетке толмаған мүгедек баласының бар екені, шын жүректен өкінуі ескерілді.

Сондай-ақ, сот екі жәбірленушінің пайдасына 3 млн теңге және 2 млн теңге моральдық зиянды өндіру туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.