Астанада «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті өтуде: басшылар көпжақты ықпалдастықты талқылайды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Бүгін, Астанада өңір елдері мен Қытай арасындағы қатынасты нығайту мақсатында «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті өтуде.
Саммитке:
-
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
-
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин
-
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров
-
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон
-
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов
-
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қатысып отыр.
І саммиттен ІІ саммитке дейін
Бірінші саммит 2023 жылғы 19 мамырда Қытайдың Сиань қаласында өткен болатын. Онда мемлекеттер басшылары Сиань декларациясына қол қойып, келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттыруға уағдаласқан:
-
Сауда айналымы мен логистиканы дамыту
-
Электронды сауда мен кедендік инфрақұрылымды жетілдіру
-
Өнеркәсіп, энергетика және ауыл шаруашылығы
-
Трансшекаралық су ресурстары
-
Туризм мен мәдени-гуманитарлық байланыстар
-
Өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық
Энергетика және инвестиция: нақты нәтижелер
Саммит қарсаңында бірнеше ірі форум өтті:
«Орталық Азия – Қытай: Энергетика» форумы:
-
Жаңартылатын энергия саласында Қытай қатысатын 30 жоба іске асырылуда (жалпы қуаты 1700 МВт).
Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы:
-
Жалпы құны 25 млрд АҚШ долларын құрайтын 60-қа жуық келісімге қол қойылды
-
Қазақстанда Қытай капиталымен 10 мыңнан астам компания жұмыс істейді
-
224 жоба іске асырылып, 50 мың жұмыс орны ашылған
-
Уран кенін бірлесіп барлау туралы трансшекаралық келісімге қол қойылды
Гуманитарлық форум: Жаңа көпірлер
Бүгін сонымен қатар «Тату көршілік және достық: болашаққа бірге қадам» атты гуманитарлық алмасу форумы өтті.
Ерлан Қарин: «Ақпарат, мәдениет және жаңа технологиялар саласындағы бірлескен жобалар елдеріміздің болашағына стратегиялық инвестиция болады».
«Орталық Азия – Қытай» саммиті – аймақ елдерінің көпвекторлы және прагматикалық сыртқы саясатының айқын көрінісі. Қазақстан ұсынған бастамалар тек экономикалық емес, саяси және гуманитарлық қатынастарды да жаңа белеске шығаруға бағытталған.