Трамп G7 саммитін шұғыл тастап шығып, халықты Тегераннан дереу эвакуациялауға шақырды. АҚШ президенті Дональд Трамп халықтың түгелдей Иранның астанасынан кетуге кеғес берді, деп хабарлайды Qazaq.today.
АҚШ президенті елді дүрбелеңге салатын мәлімдемесін өзіңнің truth social әлеуметтік желісіндегі парақшасты жазды. Ол Иран басшыларына бұған дейінде кеңес беріп, келісімге келуді айтқанын еске салды.
«Мен оларға келісіге келу керектігін айтқам. Адам өмірін құрдан құр құрьбан ету ұят. Қарапайымым тілмен айтқанда, Иранның ядролық қаруы болуы мүмкін емес. Мен мұны тағы кайталадым! Барлығы Тегераннан дереу эвакуациялануы керек!», — деді Ақ үйдің басшысы.
Иранның Израильмен қарым-қатынасының ушығып, соғыс күшейген шақта Трамптың мәлімдесі ирандықтар ішінде дүрбелең туғызды. Бірнеше күннен бері бомбалаудың астында қалған ирандықтар Тегеранды тастау кетуге тырысып жатыр. Елд ішінде үрей туындаған.
Пост жарияланар алдында Трамп «Үлкен жетілік« саммиті аясында сөз сөйледі және Тегеранның Иранның ядролық бағдарламасы туралы келісімге қол қоюына сенім білдіріп, басқаша болса «бірдеңе болады» деп ескертті. Кейінірек Америка президенті Канададағы G7 Саммитін тастап шығып, Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты АҚШ-қа оралғаны белгілі болды. Fox News хабарлағандай, Трамп Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесіне жиналуға және Ақ үйдің ситуациялық бөлмесінде отыруға дайын болуға бұйрық берді.
CNN хабарлауынша, Трамп өз командасының мүшелеріне ирандық шенеуніктермен кездесуді мүмкіндігінше тезірек ұйымдастыруға тырысуды тапсырды. Дүйсенбіде Reuters американың авианосец Nimitz тасымалдаушысы Оңтүстік Қытай теңізін тастап шығып, Израиль мен Иран қақтығысы кезінде батыс бағытта келе жатқанын хабарлады. Military watch журналы АҚШ Әскери-әуе күштеріндегі KC—135 және KC—46 жанармай құю ұшақтары жаппай өз базаларын тастап кетіп жатқанын хабарлады.
Америкалық әскери ұшақтардың бұлайша шұғыл ұшып кетуі қақтығысқа жанама түрде қатысқан болуы мүмкін деген күдік тудырады.
АҚШ шенеуніктері америка Израильге Иранмен соғысуда қосылмайды деп сендіруде. Израильдік Jerusalem Post газеті анонимді еуропалық және американдық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, Трамп Иранға уранды байытудан бас тарту туралы келісімге қол қоюдың «соңғы мүмкіндігін« ұсынады деп күтілуде.