Тоқаев теріс қылық жасаған 5 судьяны жұмысынан босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Президент Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Президент Жарлығына сай, мына өңірлердегі судьялар қызметінен босатылды:

— Ақтөбе облыстық сотының судьясы Жапаров Еркін Мұсаханұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

— Жамбыл облыстық сотының судьялары — Жұмағұлов Нұрлан Асуұлы, Сыздықова Гүлнар Коминтернқызы отставкаға кетуіне байланысты;

— Түркістан облыстық сотының судьясы Жаппасова Клара Жаппасқызы отставкаға кетуіне байланысты.

Астана қаласы бойынша:

— Алматы аудандық сотының судьясы Смағұлова Нұргүл Ілесқызы басқа жүмысқа ауысуына байланысты;

— Есіл аудандық сотының судьясы Құлақбаева Жанна Мұхтарқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

— Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Кушакова Марина Афанасьевна отставкаға кетуіне байланысты.

Алматы қаласы бойынша:

— Алмалы ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Рамазанова Айжан Қадылбекқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

— Медеу аудандық сотының судьясы Жолманова Светлана Сәтбайқызы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша.

Шымкент қаласы бойынша:

— Абай аудандық сотының судьясы Мылтықбаев Қанат Елемесұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша.

Абай облысы бойынша:

— Семей гарнизоны әскери сотының судьясы Жүнісбеков Асқарбек Жүнісбекұлы отставкаға кетуіне байланысты.

Алматы облысы бойынша:

— Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Түменбаева Алмакүл Қанапияқызы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты.

Атырау облысы бойынша:

— Атырау қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Трумова Дина Шоқанқызы қайтыс болуына байланысты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

— Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Губашев Нұрлан Ерболатұлы қайтыс болуына байланысты.

Қарағанды облысы бойынша:

— Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы сотының судьясы Мұхатжанова Бақыт Батбекқызы отставкаға кетуіне байланысты;

— Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Дурдыев Рафаил Ибрагимович отставкаға кетуіне байланысты;

— Теміртау қалалық сотының судьясы Шаяхметова Айжан Ғазизқызы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

— Теміртау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Сыздықов Ерлан Ерғалиұлы отставкаға кетуіне байланысты.

Қостанай облысы бойынша:

— Лисаков қалалық сотының судьясы Ағыбаев Нұрлан Базарбайұлы отставкаға кетуіне байланысты.

Qazaq.today.